Ақтөбе облысындағы қарғын су басқан Нұра ауылында егіз қыздар дүниеге келді. Жергілікті дәрігерлер жүкті әйелді ауыл сыртында жедел жәрдем көлігінде босандырып алуына тура келді, деп жазады Egemen.kz.
Ауыл аудан орталығынан 90 км қашықтықта орналасқан. Ауданға жетер жолдарды су басып, онда жету мүмкін болмаған.
Әйел жүктіліктің 36-аптасында мерзімінен бұрын босанған.
Жас ананы Нұра ауылындағы жалпы тәжірибелі дәрігер Сәуле Сатаева босандырып алған.
Нәрестелер мен Нұра ауылының тұрғыны Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен аудан орталығындағы ауруханаға жеткізілген.
«Бұл жас ананың алтыншы баласы. Бәрінің жағдайы жақсы. Қазір Ырғыз орталық перзентханасында жатыр. Біреуінің салмағы - 2800, екіншісінің салмағы - 3050 грамм», деді Ырғыз аудандық перзентханасының акушер-гинекологі Кәмшат Сәрсенғалиева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram