Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы бүгін, 1 сәуірде сағат 10.00-де өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан көруге болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бишімбаевқа қатысты сот отырысы 29 наурызда өткен еді. Ол кезде осы оқиғаға байланысты үш адам куәлік етті.