• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Сәуір, 2024

«Жоғалтатын ештеңеміз жоқ». Нүкенованың ағасы ендігі әрекеті қандай болатынын айтты

196 рет
көрсетілді

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі сотта қаралып жатыр. Бақилық болған қарындасының қайғылы оқиғасының ақ-қарасын ажыратуды талап етіп жүрген Салтанат Нүкенованың ағасы әділдік үшін соңына дейін күресетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Айтбек Амангелді сот алдында ендігі әрекеті қандай болатынын жеткізді.

«Салта, біз сен үшін шыдам бағамыз. Жоғалтатын ештеңеміз жоқ, іштей өлгенімізге 5 ай болды. Бізді ештеңе тоқтата алмайды, олардың әрқайсысымен соңына дейін күресеміз. Бәріміз шыдаймыз, өйткені сен менің жанымда екеніңді және маған соңына дейін жетуге күш беретініңді білемін», деп жазды Айтбек Амангелді.

Айта кетейік, Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы басталды.