• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Сәуір, 2024

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

177 рет
көрсетілді

Ербол Оспанов бұрын атқарған қызметінен босатылып, Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы 1 сәуірде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ербол Оспанов 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қазгипрожелдортранс» АҚ инженері болып бастады.

«Қазақстан темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жоба жетекшісі, «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» АҚ жетекші инженер-конструкторы қызметтерін атқарған.

Осы жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында басшылық қызметтерді атқарған.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.