• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Сәуір, 2024

Бишімбаев ісі бойынша сот процесі ертең де жалғасады

214 рет
көрсетілді

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Процесс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Сот отырысы сотталушыдан жауап алуды жалғастырумен басталды. Отырыста сотталушыдан толық жауап алу мақсатында айыптаушы тараптың өтінішхаты бойынша бақылау камерасына жазылған фото-видео материалдарын және оқиға болған жерді қарау хаттамалары ішінара зерттелді.

Жұмыс уақытының аяқталуына байланысты отырыс 4 сәуір, сағат 10:00-ге шегерілді.