• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 04 Сәуір, 2024

Арнайы жоспар қабылданды

98 рет
көрсетілді

Президент Әкімшілігі Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысынан кейін Үкіметпен бірлесіп, Мемлекет басшысының бастамаларын тиімді жүзеге асыру жолдарын пысықтады. Бұл жөнінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында жазды.

Ерлан Қариннің мәлімдеуін­ше, Мемлекет басшысының бастамаларын тиімді жүзеге асыру жолдарын пысықтау нәти­жесінде Президент тапсырмаларын орындауға арналған жоспар қабылданған.

«Құжаттың көлемі ауқымды, 40 тармақтан тұрады. Онда түрлі іс-шаралар көзделген. Жоспарға сәйкес 10 заң (есірткі өндіргені үшін жауапкершілікті қатаңдату, лудоманияға қарсы күресу, тарихи нысандарды қорғау, архео­логия саласы, ономастикаға қатысты жұмыс, мемлекеттік наг­радалар туралы және басқалары) әзірленіп қабылданады. Сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары және басқа да бағдарламалық құжаттар қа­былданбақ. Бір сөзбен айт­сақ, Президенттің Атырауда кө­тер­ген бастамалары құзырлы мемлекеттік органдардың ұзақ мерзімге арналған жұмысына арқау болып отыр», деп жазды Мемлекеттік кеңесші.