• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Сәуір, 2024

Көмек қолын созғандар көбейіп жатыр

195 рет
көрсетілді

Қарғын су басқан аймақ тұрғындарына жиналған гуманитарлық көмек бүгінде 30 тоннадан асты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде қызыл судан зардап шеккендерге көмек жинау қызу жүріп жатыр.

Айталық, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы «Өжет» базары кәсіпкерлерінің қолдауымен су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 6 тонна гуманитарлық көмек жиналды.

«Партияның «Күшіміз бірлікте!» акциясы аясында базар ұжымы су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге өз үлестерін қосып, 3 тонна аяқ киім және 3 тонна киім-кешек жинады. Гуманитарлық көмек ертең де жиналады», дейді «Өжет» базары директорының орынбасары Бауыржан Сәлімбаев.

Бұған дейін аманаттықтар тасқыннан зардап шеккен аймақтарға 1 мыңнан аса аяқ киім жолдаған болатын.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Топан су тіршілігін тұралатқан аймақтағы ағайындарға қолдан келгенше жәрдем жасау – азаматтық парызымыз. Қарғын судан қиналғандарға қолұшын беруге өңірдегі аманаттықтармен қатар, кәсіпкерлер, жомарт жандар да аянып қалмады. Бұл істің басын құрауда еріктілер мен жастардың белсенділігін ерекше атау орынды», дейді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Көбентаев.

Айта кету керек, табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін «Алатау жастары» КММ облыстық волонтерлік штабы сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді.