• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Сәуір, 2024

Электр қуатын үнемдейтін техникаларды қалай таңдау қажет?

246 рет
көрсетілді

Бүгінгі заманауи техникалардың барлығында оның электр қуатын қаншалықты үнемдейтіні көрсетілген белгілер бар. Мәселен, тоңазытқыш, кір жуғыш машина немесе жылытқышты дұрыс таңдау арқылы электр энергиясын тұтынуды айтарлықтай азайтып коммуналдық төлемдер ақысын азайта аласыз. Әрі отбасы бюджетіне ғана емес, экологияға, тіпті елдің энергетикалық жүйесіне қамқорлық жасап отырмын деп біліңіз.

Сонымен техниканың энергия тұтынудағы тиімділік деңгейін қалай анықтауға болады? Өндіруші құрылғы электр қуатын қаншалықты тиімді пайдаланатыны туралы барлық ақпаратты оның техникалық паспортында міндетті түрде көрсетеді. Бірақ сіз қажетті деректерді техниканың өзіне тікелей орналастырылған арнайы жапсырмаға қарап жылдам анықтай аласыз. Шағын жадынамада келесідей мәліметтер жазылуы тиіс:

Қуат тұтыну класы – бұл параметрді белгілеу үшін A+++ (ең жоғары класс) – D (ең төменгі класс) әріптік шкаласы қолданылады. Белгі неғұрлым жоғары болса, құрылғы жұмыс істеу үшін соғұрлым аз электр энергиясын жұмсайды.

Орташа электр энергиясын тұтыну – жапсырмада техниканың бір сағаттық жұмыс үшін қанша киловатт энергия жұмсайтындығы көрсетілген (кВт/сағ). Қосымша мәліметтер – бұл жапсырмада құрылғының шу деңгейі, оның қуаты, сыйымдылығы мен басқа сипаттамалары туралы ақпарат болуы мүмкін.

Техника таңдағанда, жапсырмалардағы мәліметтерді зерттеп, оларды салыстыру маңызды. Мысалы, өнеркәсіптік тоңазытқыш тиімділіктің ең жоғары класына ие болған жағдайда да тұрмыстық тоңазытқышқа қарағанда энергияны көбірек жұмсайды. Ескі тұрмыстық техника электр қуатын толығымен жұмсайды, содан кейін ол төлемдерде көрінеді. Сарапшылар жылыту және су жылыту құрылғыларын ең «қомағай» техника деп атайды.

Сондай-ақ сапалы техника ешқашан арзан болған емес, бірақ шығындарды азайтудың бірнеше айласы бар:

Жаппай сатылым, акцияларды қадағалау – дүкендер мереке, сату нүктесінің «туған күніне» және басқа да айтулы оқиғаларға орай, жаппай сатылымдар ұйымдастырып, бағаларын арзандатады.

Технологияны айырбастау мүмкіндігін іздеу – кейбір брендтер жаңаларын сатып алуға жеңілдікті ұсына отырып, ескі құрылғыларды тапсыруды ұсынады. Мұндай қызмет қажетсіз қондырғылардан құтылып, жаңасына қол жеткізуге көмектеседі.

Ескі техниканы сату – кәдеге аспай тұрған техникаларды ескірмей тұрғанда сату арқылы жаңасын сатып алуға ақша таба аласыз. Ол үшін еліміздің барлық аумағындағы 7payda.kz сияқты комиссиялық дүкендерге жүгінуге болады.

Комиссиялық дүкендер – бұл пайдаланылған техниканы өте жақсы жағдайда сатып алатын ұтымды нүкте. Өйткені, адамдар көшкен кезде көбінесе тұрмыстық техникасын сатады немесе ауыр дүниелерін тасығысы келмейді, яки үй жиһаздарын толығымен жаңартып, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Мұндай жағдайда сатылымға толықтай жарамды техникалар түссе, олардың арасында энергия тиімділігі жоғары нұсқалары да кездеседі.