• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 05 Сәуір, 2024

Келестегі елді мекен диқандарының ағын су мәселесі шешілді

151 рет
көрсетілді

Осы жылдың 9 наурызында Келес ауданындағы Жүзімдік ауылдық округі аумағынан өтетін Солтүстік Ташкент каналындағы тоспалы су құрылымында апатты жағдай болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Ташкент каналы (СТК) Өзбекстан Республикасы аумағынан бастау алады. СТК каналы Өзбекстан Республикасы аумағында орналасқан. Оның Қазақстан аумағынан 19,2 шақырымы ағып өтеді. Бұл канал Келес ауданының Жүзімдік, Бірлесу және Ақтөбе ауылдық округтерінің жалпы 2922 гектар егіндік жерлерін сумен қамтиды.

Биыл 9 наурызда Жүзімдік ауылдық округі аумағынан өтетін СТК каналындағы тоспалы су құрылымында (сарқырама) апатты жағдай болды. Жөндеу және құрылыс жұмыстары қолға алынды.

«Өзбекстан Республикасының «Боз-су» ирригация мекемесімен бірлесіп, 2024 жылдың 31 наурызында құрылыс жұмыстары басталып, 2 сәуір күні толығымен аяқталған. Жөндеу-құрылыс жұмыстарында құйылған бетон қаптамалары ағын су өткізуге 2024 жылдың 5 сәуір күні толық дайын болды. Шаруаларға су беріліп, мәселе шешілді», делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.