Жұма күні таңертең АҚШ-тың шығыс жағалауында болған 4,8 балдық жер сілкінісінің дүмпулері Нью-Йорк пен оның айналасында сезілді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Нью-Джерси штатындағы Ливан қаласына жақын жерде, Нью-Йорктен батысқа қарай 64 шақырымдай жерде болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Американың шығыс жағалауында жер сілкінісі сирек кездеседі және бұл Нью-Йорк қаласында соңғы онжылдықтардағы ең күшті жер сілкінісі болды.
Әлеуметтік желі қолданушылары жер сілкінісі Филадельфиядан Нью-Йоркке дейін және шығыс жағалауда Бостонға дейін сезілгенін хабарлады.
Өткен жылы Буффалода (Нью-Йорк) 6 ақпанда магнитудасы 3,8 балдық жер сілкінісі болды, бірақ бұл аймақта 40 жыл бойы мұндай күшті жер сілкінісі болмаған.
1983 жылы Нью-Йорк штатының оңтүстігіндегі Ньюкомбта 5,1 балдық жер сілкінісі болды.
Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс бүгінгі жер сілкінісінің ауыр зардаптары туралы мәлімет жоқ екенін айтты.
Жер сілкінісі салдарынан Нью-Йорктің бірнеше әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты.
Нью-Джерсидегі Джон Кеннеди халықаралық әуежайы мен Ньюарк әуежайында рейстер тоқтатылды. Бірақ рейстер қазірдің өзінде қайта жанданды.
Нью-Йорктегі ЛаГуардия әуежайында да кешігулер байқалды.
Нью-Йорк губернаторы Кэти Хочул жер сілкінісінің ауырлығына тоқталды, бірақ «өмірге қауіп төндіретін жағдайдың» анықталмағанын және оның командасы штаттың инфрақұрылымын тексеріп жатқанын айтты.