• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Сәуір, 2024

Құлсарыда екі адам суға кетті

197 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы Құлсары қаласында екі адамның мүрдесі табылды.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлім еткендей, екі ер адам 6 сәуірде трактормен аударылып кетті.

«Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылғы ер адам досымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бармақ болған. Алайда, трактор жолдан шығып кетіп, аударылып қалды. Олардың мүрдесі бүгін, 7 сәуір күні сағат 11:00 шамасында табылды», деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.