• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Сәуір, 2024

Ерлікпен қаза тапқан 17 сарбазды еске алу рәсімі өтті

398 рет
көрсетілді

Осыдан тура 29 жыл бұрын 7 сәуірде Памир тауындағы Пшихавр шатқалында бес сағатқа созылған қарулы қанды қақтығыс кезінде ішкі әскердің 17 жауынгері ерлікпен қаза тауып, 33-і ауыр жарақат алды. Содан бері жыл сайын 7 сәуір – Ерлік күні болып саналады. Қазақстан батальонының құрамында тәжік-ауған шекарасын күзеткен шекарашылар қаза тапқан жауынгерлердің есімін ұлықтауды дәстүрге айналдырған.

ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы тәжік-ауған шекарасының ардагерлерімен бірге 7 сәуірде ерлікпен қаза тапқан Ұлттық ұланның 17 сарбазын еске алды. 

Іс-шарада сөз сөйлеген запастағы полковник Серік Жағабаев сол жылы Тәжікстанның шекарасын күзетуге аттанған 7-нші ротаның дәрігері болып тағайындалған болатын. Шекарашы сардар Пшихавр шатқалында бес сағатқа созылған қарулы қанды қақтығыс туралы өзінің естеліктерімен бөлісті.   

Іс-шара барысында ардагерлер мен шекара басқармасының жеке құрамы аталған қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Ерлікпен қаза тапқан 17 сарбаздың рухтарына тағзым етті.

Сондай-ақ Ерлік күніне орай өткізілген іс-шаралар департаменттің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында да өз жалғасын тапты.

Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі