• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Сәуір, 2024

5 облыста жолдарды су шайды – Көлік министрлігі

143 рет
көрсетілді

Бүгін 3 430 метр республикалық жолдарды су басқан. Бұл туралы Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Республикалық автожолдарға су тасқыны қаупі төнген 396 учаске, 68 көпір және 650 су өткізу құбыры анықталды. Қауіпті жол бойларында тәулік бойы кезекшілік және күнделікті патрульдеу ұйымдастырылды. Су тасқыны басталғалы жедел шаралар қабылданып, барлық өңірде инертті және басқа да материалдар дайындалды. Қазіргі уақытта 100 мың текше метр құм, 40 мың текше метр тас, 325 мың текше метр қиыршық тас, 75 мың текше метр құм-қиыршық тас қоспасы және 150 мың дана құм салынған қап дайындалды», деді Ғалымжан Өтенбаев.

Айтуынша, еріген суларды өткізу және автожолдар бойындағы су өткізу құбырлары 100%-ға тазартылған. 

Спикердің сөзінше, бүгін, яғни 7 сәуірде 5 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарда, атап айтқанда Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында жалпы ұзындығы 3430 метр болатын жолда 9 су басу фактісі тіркелді.