• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Таным 07 Сәуір, 2024

Қуат үнемдегіш техниканы қалай таңдаймыз?

73 рет
көрсетілді

Бүгінгі заманауи техникалардың барлығында оның электр қуатын қан­ша­лықты үнемдейтіні көрсетілген белгілер бар. Мәселен, то­ңа­­зыт­қыш, кір жуғыш машина немесе жылытқышты дұрыс таң­дау арқылы электр энергиясын едәуір үнемдеп, коммуналдық тө­лем­дер ақысын азайта аласыз. Әрі отбасы бюджетіне ғана емес, эко­ло­гияға, тіпті елдің энергетикалық жүйесіне қамқорлық жасап отыр­мын деп біліңіз.

Сонымен техниканың энергия тұтынудағы тиім­­ділік дең­гейін қалай анық­тауға болады? Өнді­руші құрылғы электр қуатын қаншалықты тиім­ді пайдаланатыны туралы барлық ақпаратты оның техникалық паспортында міндетті түрде көрсетеді. Бірақ сіз қажетті деректерді техниканың өзіне тікелей орналастырылған арнайы жапсырмаға қарап жылдам анықтай аласыз. Шағын жады­намада келесідей мәліметтер жазылуға тиіс:

Қуат тұтыну класы – бұл пара­метр­ді белгілеу үшін A+++ (ең жоға­ры класс) – D (ең төменгі класс) әріптік шка­ласы қолданылады. Белгі не­ғұрлым жоға­ры болса, құрылғы жұмыс істеу үшін соғұрлым аз электр энергиясын жұмсайды.

Орташа электр энергиясын тұтыну – жап­сырмада техниканың бір сағат­тық жұмыс үшін қанша киловатт энер­гия жұмсайтындығы көрсетілген (кВт/сағ). Қосымша мәлімет­тер – бұл жап­­сырмада құрылғының шу деңгейі, оның қуаты, сыйымдылығы мен басқа сипат­тамалары туралы ақпарат болуы мүмкін.

Техника таңдағанда, жапсыр­ма­лар­дағы мәлі­меттерді зерттеп, оларды са­лыстыру маңызды. Мысалы, өнер­кә­сіптік тоңазытқыш тиімділіктің ең жо­ғары класына ие болған жағдайда да тұр­мыстық тоңазытқышқа қа­рағанда энер­гияны көбірек жұмсайды. Ескі тұр­мыстық техника электр қуатын то­лы­ғымен жұмсайды, содан кейін ол тө­лем­дерде көрінеді. Сарапшылар жы­лыту және су жылыту құрыл­ғы­ла­рын ең «қомағай» техника деп атайды.

Сондай-ақ сапалы техника ешқа­шан арзан болған емес, бірақ шы­ғын­дарды азайтудың бірнеше айласы бар:

Жаппай сатылым, акцияларды қа­да­­ғалау – дүкендер мереке, сату нүк­те­­сінің «туған күніне» мен басқа да ай­ту­лы оқиғаларға орай, жаппай саты­лым­­дар ұйым­дастырып, бағаларын арзан­­датады.

Технологияны айырбастау мүм­кіндігін іздеу – кейбір брендтер жаңа­ларын сатып алуға жеңілдікті ұсына отырып, ескі құрылғыларды тапсыруды ұсынады. Мұндай қызмет қажетсіз қондырғылардан құты­лып, жаңасына қол жет­кі­зуге көмектеседі.

Ескі техниканы сату – кәдеге аспай тұрған техникаларды ескірмей сату арқылы жаңасын сатып алуға ақша таба аласыз. Ол үшін елі­міздің барлық аумағындағы ко­мис­сиялық дүкендерге жүгінуге болады.

Комиссиялық дү­кен­дер – бұл пай­­да­­ла­нылған техниканы өте жақсы жағдайда сатып алатын ұтымды нүк­те. Өйткені адамдар көшкен кезде көбі­­несе тұрмыстық техникасын сатады немесе ауыр дүниелерін тасығысы кел­­мейді, яки үй жиһаздарын толы­ғы­мен жаңартып, жөндеу жұ­мыс­та­рын жүр­гі­зеді. Мұндай жағдайда са­ты­­лым­ға толықтай жарамды техни­ка­лар түссе, олардың арасында энергия­ тиім­ділігі жоғары нұсқалары да кез­де­седі.