• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Сәуір, 2024

Алматы маңында тағы жер сілкінді

214 рет
көрсетілді

Қазақстан сейсмологтары Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 445 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 8 сәуірде Алматы уақыты бойынша 4 сағат 20 минут 44 секундта жер сілкінісін тіркеді», делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 445 шақырым жерде, дәлірек айтқанда Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9.

MPV магнитудасы – 4,1.

Жер сілкінісінің координаталары – 41,58° солтүстік. 81,84° шығыс.

Тереңдігі – 10 км.

Жерасты дүмпулері Қазақстан аумағында сезілген жоқ.