• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Сәуір, 2024

Алматылықтар Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді

225 рет
көрсетілді

Алматы қаласы әкімі аппаратының құтқару қызметі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысына көмекке үш камаз, бір жеңіл көлік, қазғыш құралдар (күрек, балта, т.б.) жіберілді. Сондай-ақ гуманитарлық көмек жиынтығына шатырлар, төсек-орын, шамдар, құтқару киімдері, резеңке етік, 5 мың қап және түрлі дәрі-дәрмек қосылды.

Еске сала кетейік, өткен аптада Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді. Қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен белсенді жастар алты күн ішінде 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады.

 

Қырмызы ЖҮМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті