• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Сәуір, 2024

Елдегі су тасқыны: 85 мыңнан астам адам эвакуацияланды

381 рет
көрсетілді

Азаматтық қорғау қызметтері 85 мыңнан астам адамды, оның ішінде 30 мыңға жуығы баланы құтқарып, эвакуациялады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерасыл Сайпаштың айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар 8 миллион текше метрден астам еріген суды сорып, 1,192 мыңнан астам қап пен 1 ​​тонна инертті материал төседі.

«Төтенше жағдай бойынша  құтқару жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр. Дәл қазіргі уақытта 16 мыңға жуық адам, 2500-ден астам техника, 441 су айдау құрылғысы, 131 су көлігі жұмылдырылды. Азаматтық қорғау қызметтері 85 мыңнан астам адамды, оның ішінде 30 мыңға жуық баланы құтқарып, эвакуациялады. Уақытша орналастыру орталықтарында 8349 адам болса, оның 3809-ы балалар», деді Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еліміздің  Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 29 жергілікті төтенше жағдай тіркелді.

Сондай-ақ жедел желіге 1129 қоңырау түсіп, 76 жедел психологиялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар 20 облыста республикалық және облыстық жедел штабтар өз қызметтірін атқарып жатыр.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті