• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2024

Кент тұрғындары шұғыл көшіріледі

97 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облы­сындағы Заречный кенті Ущев көшесі мен Прибрежное ауылы бойын­дағы бөгеттерді аралады, Ойқаладағы су тасқынына қарсы қорғаныс бекініс­терінің дайындығын тексерді, эвакуациялау пунктінің дайындығын зерделеп, Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің баяндамасын тыңдады.

Қала әкімі үлкен судың кентке үш күнде жететінін хабарлады. Ол нығайтылған бөгет судың бірінші ағынын ғана ұстайтынын атап өтті. Алайда болжам бойынша саяжай аумағына жан-жақтан су тасқыны келеді және 200 үйдің 132-не қауіп төніп тұр. Бірінші вице-премьер тез арада азаматтарды эвакуациялауды бастауды тапсырды.

«Адамдарға 2017 жылмен салыстыр­ғанда, биылғы су тасқынының ауқымды екенін түсіндіру керек, өйткені ауыл ойда орналасқан және инженерлік құрылыстар судың көтерілуіне шыдамауы мүмкін, тұрғындарды эвакуациялау үшін екі күн бар», деді вице-премьер.

Сондай-ақ Роман Скляр эвакуациялаудан бас тартқан тұрғындармен түсіндірме әңгіме жүргізіп, жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін саяжай аймағынан отбасыларды көшіруді бақылауға алуды тапсырды.

«Азаматтарға алдағы су тасқынының ауыр­­лығын түсіндіріңіздер. Сергеев су қой­ма­сынан көп су келеді, сондықтан аумақ­ты қат­ты су басады. Бөгетті нығайту жедел­­детіл­г­ен түрде аяқталды, бірақ ол тек су аз ке­зең­­­дерінде қорғай алады. Сондықтан мұн­да тұ­­р­а­­тындарды дереу эвакуациялау керек. Еш­кім зардап шекпеуі қажет», деп түйін­деді Р.Скляр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Сергеев су қоймасының бүкіл тарихындағы су тасқынының абсолютті максималды кезеңіне жеткенін атап өтті. Ол барлық есептеу жүргізілгенін, 12-14 сәуір аралығында Петропавл қаласына үлкен су келетінін түсіндірді.

Роман Скляр «Қызылжар Су» ЖШС сор­ғы стансасының стратегиялық учаскесін­дегі бөгетті нығайту үшін су тасу қаупін барын­ша азайтуды, арнайы техниканы жұмыл­дыру­ды, инертті материалдармен және жұмыс күшімен қамтамасыз етуді тапсырды.

«Сорғы стансасына келетін болсақ, бұл – стратегиялық маңызды нысан. Біз қысқа мерзімде қосымша бөгетті тұрғыздық. Оның жұмысы қамтамасыз етіледі. Қосымша дизель генераторы орнатылды. Қала кез келген жағдайда үзіліссіз сумен қамтамасыз етілуі керек. Жоспарлаған жұмыстардың барлығы жалғасын табады. Одан әрі өзеннен төмен қарай, Қызылжар өңірінде жаңа бөгеттерді салуды бастаймыз. Міндет – елді мекендерді қорғау. Біз қазіргі жағдайға сәйкес, бұрыннан белгіленген жоспарлар бойынша жұмыс істейтін боламыз», деп түйіндеді Р.Скляр.

Жұмыс сапарының қорытындысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары жол инфрақұрылымының су тасқынына дайындығын тексеріп, «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалының дирек­торы А.Қабылдинге айналма жол бойын­да азаматтық көліктің қауіпсіз қозға­лысы үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды.