• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2024

Соловьево ауылында су деңгейі төмендеді

91 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Соловьево ауылында түнгі уақытта су деңгейі көтеріліп, 24 үй аумағын су басу қаупі төнген еді. ШҚО ТЖД мәліметінше қазіргі уақытта су деңгейі біршама төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға орнына облыс әкімі Ермек Көшербаев жедел келіп, жағалауды бөгеу және еріген қар суын бұру жұмыстарымен айналысып жатқан мамандармен және тұрғындармен кездескен. Тұрғындар эвакуациялаудан бас тартып, туыстарының үйінеуақытша орналасқан.

Хабарламада: «Екі күн қатарынан толассыз жауған жаңбыр себебінен көтерілген су деңгейі қазіргі кезде 10-15 см-ге төмендеді. Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган, ТЖ мамандары кезекшілік ұйымдастырып, полиция бекеті жұмыс істеп тұр», делінген.