• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2024

Kusto Group су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге бөлді

175 рет
көрсетілді

Еліміздегі су тасқыны салдарынан ауыр жағдайға түскен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Kusto Group 400 млн теңге бөлгені туралы мәлімдеді. Зардап шеккен аймақтарға қаражат KustoHelp жеке қоры арқылы бөлінеді.

«Табиғи апаттан зардап шеккен отандастарымызға жанашырлық пен қолдау білдіреміз. Ел басшылығы, құзыретті мемлекеттік органдар, еріктілер мен азаматтар адам құрбандарын тоқтату мен алдын алу, зардап шеккендерге көмек көрсету және су тасқынының салдарын жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Біз осы жұмысқа қосыламыз және апаттан зардап шеккен отандастарға барынша көмек көрсетеміз», деді Kusto Group негізін қалаушы Еркін Тәтішев.         

Орайы келіп тұрғанда, Kustohelp қайырымдылық қорын Kusto Group халықаралық компаниясы құрғанын айта кету керек. Қор Қазақстан Республикасында covid-19 коронавирус пандемиясы себебінен жарияланған төтенше жағдай кезеңінде халықтың барынша зардап шеккен және осал топтарына 1 млрд теңгеден астам көлемде қаржылық көмек көрсетті.