Президент 13 Сәуір, 2024

Мемлекет басшысы Арменияға ресми сапармен барады

217 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хабарламада: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуір күні Арменияға бір күндік ресми сапармен барып, Премьер-министр Никол Пашинянмен және Президент Ваагн Хачатурянмен келіссөздер жүргізеді. Мемлекет басшысы сапар аяқталғаннан кейін Ереваннан еліміздің қарғын су басқан облыстарының біріне ұшып кетеді», делінген.