• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Сәуір, 2024

Су тасқыны: Мемлекеттік резервтен азық-түлік шығарылды

197 рет
көрсетілді

ТЖМ бұйрығына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысының Құлсары қаласынан эвакуацияланғандарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік қоры броньнан шығарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

ТЖМ мәлімдемесінде: «Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған әскери қызметшілер үшін 92 тонна азық-түлік броньнан шығарылды», делінген.