Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен отандастарымыздың қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті 63 келі салмақта ел намысын қорғаған Ержет Жарылқасын финалда жапондық Аята Сузукимен кездескенін хабарлады.
Жекпе-жек 6:6 есебімен аяқталды. Бірақ әдіс сапасы жөнінен Ержеттің ұпайы қомақты болып есептелді.
Айта кетсек, бұл - Ержет Жарылқасынның ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі.