Синоптиктер Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін, 16 сәуірде атмосфералық фронттардың өтуімен елдің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады, оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі.
Республика бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді, ал елдің оңтүстігінде бұрқасын болады.