• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2024

Атырауда Жайыққа түсіп кеткен жылқы құтқарылды

187 рет
көрсетілді

Атыраудағы Жайық өзеніне жылқы түсіп кетті, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы тұрғындар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 11:48-де хабар берген.

«Атырау қаласының «Тұрғындар қалашығы» шағын ауданында жылқы Жайық өзеніне түсіп кеткен. Мұны көрген тұрғындар құтқарушыларды көмекке шақырды. Жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы санаулы минутта оқиға орнына жетті. Олар арнайы құтқару арқанын пайдаланып, жылқыны жағалауға шығарып алды», делінген департаменттің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.