• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2024

Жайық бойында 100 км қорғаныс бөгеттері салынды

264 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын нығайту, сондай-ақ басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу және су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Облыста қорғаныс құрылыстарын жүргізуге 7 895 адам және 1 781 бірлік техника, соның ішінде 1011 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Жайық өзенінің жағасында ұзындығы 100 шақырым болатын бөгет жасақталып, 771 мың құм толтырылған қапшық салынды.

2024 жылдың 16 сәуірдегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 776 см-ге дейін жетті және су деңгейі әлі көтеріліп жатыр.  Өткен жылы ең жоғары деңгей 557 см болған еді. Қауіпті деңгей - 850 см.

«Су Ресей Федерациясыннан келеді, онда су тасқынына байланысты Ириклин су қоймасынан ағызу жүргізіліп жатыр. Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, Ириклин су қоймасының суын Ресей Федерациясынан ағызу біртіндеп азайып келеді. Дегенмен, облыста су басу қаупі жоғары деңгейде қалып отыр», делінген БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.