Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі заттарын жеткізудің өңірлік арнасын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2024 жылдың наурыз айында Қызылорда қаласында 3,5 кг апиын сатуға әркеттенген Қазақстанның 5 азаматы ұсталған еді. Қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жариялануға жатпайды.