Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іздестіру жұмыстары барысында жақын маңдағы су қоймасын ағызу шешімі қабылданған еді. Алайда, одан нәтиже шықпады. 3 жасар бүлдіршін ата-анасымен әлі қауышпады.
Облыстық ішкі істер департаменті мен Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер департаменті жақын маңдағы Ақши, Қырбалтабай және Балтабай ауылдарының тұрғындарын сұрастырған. Бұл да оң нәтиже бермей отыр.
Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.