• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Заң 17 Сәуір, 2024

9 адамды алдап соққан нотариустың қылмысы әшкереленді

121 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында қызмет көрсеткен «А» есімді жеке нотариус жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардың осал жағдайын өз пайдасына қолданып, несие немесе кепіл шартын жасаудың орнына сатып алу-сату шартын куәландырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық прокуратура алаяқтықпен айналысқан жеке нотариус пен сыбайластарының жымысқы әрекетін әшкереледі.

Олар үшінші тұлғаларға меншік құқығын бекітіп, Шымкент қаласының әділет органдарына тіркеу туралы келісімді заңсыз жіберген.

Айыпталушылар заңсыз әрекеттері арқылы 9 жәбірленушіге 47 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

Сот алаяқтық фактісі бойынша нотариусты 4 жылға соттады. Ал оның сыбайластары 3 жылға және 3 жыл 9 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.