• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Сәуір, 2024

Қарағандыда полицей формасын киген алаяқтардың суреті жарияланды

174 рет
көрсетілді

Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті ел азаматтарына телефон соғып, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген алаяқтардың суретін таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы уақытта алаяқтардың қитұрқы әрекеттері жиілеп, тұрғындардың мазасын алды. Департамент қызметкерлері белгісіз нөмірден хабарласып, өздерін полицей ретінде таныстыратын адамдарға сенбеу керек екенін ескертті. 

«Жыл басынан бері Қарағанды ​​облысында 75 адам алаяқтық схемалардың құрбаны болды, бұл ретте 90 миллион теңгеге жуық шығын келтірілді. Олар жәбірленушілермен бейнебайланыс орнатып, өздерін банк қызметкерлері немесе құқық қорғау қызметкерлері ретінде таныстырған», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы тұста құқық қорғау қызметкерлері ел азаматтарына WhatsApp арқылы, әсіресе шетелдік абоненттік нөмірлерден қоңырау шалмайтыны қатаң ескертілді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті