Жол апаты бүгін, 17 сәуірде Алматының Алмалы ауданында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2002 жылы туған мопед жүргізушісі Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатып, алдын ала белгіленбеген жерде жолды кесіп өтіп бара жатқан 52 және 57 жастағы екі әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр», деп хабарлады қалалық полиция өкілдері.