• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Сәуір, 2024

«Ақтау-Құрық» тас жолында жол апаты болды

1020 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі кеше, 17 сәуірде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Медициналық мекеме ұсынған ақпаратқа сәйкес, «Ақтау-Құрық» тас жолындағы апат салдарынан таңғы сағат 7:30-да екі адам ауруханаға жеткізілген.

Хабарламада: «Екеуі де жансақтау бөліміне жатқызылды, біреуі - 2004 жылы туған аймақ тұрғыны, екіншісі белгісіз адам ретінде қабылданды», делінген.

Ал облыстық Полиция департаменті апаттың мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.