• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2024

БҚО-да су тасқынымен күрес шаралары жалғасып жатыр

107 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысына жұмылдырылған Астана қаласының ТЖД құтқарушылары су тасқынына қарсы жұмыстарға белсене қатысып, баспанасы суға батқан тұрғындарды эвакуациялап жатыр, деп жазады Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық төтеншеліктер 23 саяжай бірлестігінің 1000-нан астам аулаларын аралап, бірнеше отбасы мен үй жануарын эвакуациялады.

Сонымен қатар құтқарушылардың күштерімен инертті материал толтырылған 2000-нан астам қап төселді.

Ал Батыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылары Орал қаласының Курени ауданында жағалауды нығайту бойынша жұмыстар кешенін жүргізіп жатыр. Құтқарушылар Жайық өзенінің жағалау сызығын толқындар мен күшті ағынның әсерінен эрозиядан қорғау үшін бетон плиталарын төсеп жүр.