• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Сәуір, 2024

Олимпиадаға іріктеу: Әлішер Ерғали жолдамаға жақындай түсті

191 рет
көрсетілді

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын лицензиялық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін боз кілемге шыққан отандасымыз Әлішер Ерғали алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Ол 97 келі салмақта күш сынасты.

Әлішер қырғыз балуаны Андрей Ароновты 10:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Енді оның жартылай финалдағы қарсыласы - қытайлық Хабила.

Сондай-ақ 19 сәуірде 65 келі салмақта сынға түскен тағы бір ел спортшысы Маис Алиев 1/4 айналымда қытайлық Шао Юаньға есе жіберді.