Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығына барды.
Сапар барысында Қазақстанның ғарыштық жетістіктері мен ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысты.
Отандық мамандар ғарыш мониторингі саласындағы жобалар туралы айтып, ғарыш аппараттарды құрастыру кезеңдері мен шығарылатын компоненттердің үлгілерін ұсынды. Сонымен қатар ғарышқа ұшыру алдында спутниктерді сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілетін аумақтарды да аралап көрді.
Орталыққа барған сапарында Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен бірге Премьер-министр Олжас Бектенов жүрді. Сондай-ақ екі ел арасындағы ғарыш саласындағы серіктестікке де назар аударылды.