Орал қаласында Жайық өзенінің суы бір тәулікте 10 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шектен 850 см асып кетті, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі өткен түнде, сағат 2:47-де Жайық өзеніндегі су деңгейі 858 см-ге жеткенін хабарлаған еді.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалы 22 сәуір 08:00-дегі жағдай бойынша су 860 см-ге жеткенін мәлімдеді.
Ал Көшім каналында су деңгейі 18 см-ге көтеріліп, 851 см-ге жетіп, қауіпті шектен (850 см) 1 см-ге асты. Ақжайық ауданындағы Тайпақ ауылы тұсында 521 см-ге жетіп, шекті деңгейден 7 см асқаны байқалды. Сондай-ақ Чувашин ауылында Шаған өзені 9 см-ге көтерілді. Қазір өзендегі су мөлшері 740 см, қауіпті шегі – 1 300 см.
Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында Жайық өзенінің деңгейі 2 см-ге түсті.
Кейінгі тәулікте Орал қаласының маңындағы су басқан саяжай учаскелерінен құтқарушылар ондаған үй жануарларын эвакуациялады. Ветеринарлық инспекция қызметкерлері мысық пен иттерді питомниктерге жеткізді.