Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі су тасқынына қатысты жаңа мәліметтерді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Сандық мәліметке сүйенсек, ел бойынша 24 мың 496 адам өз үйлеріне оралып, 8 мың 850 адам, оның ішінде 3 мың 840 бала уақытша паналау бекеттерінде орналасқан.
11,5 миллионнан астам текше метр еріген қар суы шығарылып, 5,3 миллион қапшық және 1,5 миллионнан астам тонна инертті материал төсеу жұмыстары жүргізілген. 4 мың 608 тұрғын үй және 2 мың 774 аула аумағынан су бұрып әкетілген.