• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Елорда 23 Сәуір, 2024

Елорда көшелерін лайлаған 18 құрылыс компаниясы жазаланды

108 рет
көрсетілді

Бас қала әкімдігі абаттандыру кезінде елорда көшелерін лайлаған 18 құрылыс компаниясы жазалғанын хабарлады. Тексеруді қалалық Қоршаған ортаны бақылау және сапа басқармасы аудан әкімдіктерінің мамандарымен бірлесіп жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

Тексеру барысында құрылыс нысандарындағы дөңгелектерді жуу пункті, негізгі жол төсеміне қатты жанасу, құрылыс қоршауларының бар-жоғы бақылауға алынды. 

Нәтижесінде 88 нысанда тәртіп бұзушылық фактілері анықталды. Ескертпелер орындалмаған жағдайда полиция департаменті ҚР ӘҚБтК 505 және 630-баптары бойынша қоршаулар мен дөңгелектерді жуу пункттері нормаларының талаптарына сәйкес келмегені үшін әкімшілік хаттамалар жасайтынын қаперге салды.

Осылайша, елорданың табиғатты қорғау полициясы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін, оның ішінде қоршаулардың ережеге сай орнатылмағаны үшін 18 құрылыс нысаны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.