• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Сәуір, 2024

Ақши ауылының тұрғындары алкогольдік ішімдіктен бас тарты

193 рет
көрсетілді

Алматы облысының Іле ауданына қарасты Ақши ауылында «Арақсыз ауыл» жобасы бастау алды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бауыржан Әленовтің айтуынша, игі іс ауылдың ардагерлері, аналар кеңесі және ішкі істер бөлімі мүшелерінің бірлесе атқарған жұмысы аясында қолға алынған. Ауыл кәсіпкерлері де бұл бастамаға қарсылық білдірмеген.

«Еліміз бойынша жасалған қылмыстың үштен бірі ащы су салдарынан болған. Ақши ауылында 7 мыңға жуық халық тұрады, 16 дүкен толықтай арақ сатудан бас тартты. Бұл бастама ауыл бойынша қоғамдық тәртіптің сақталуына оң әсер тигізеді деп сенемін. Алматы облысы тұрғындарын «Арақсыз ауыл» жобасын қолдауға шақырамын», деп жазды Бауыржан Аленов.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті