Алматы облысында жемқорлық жасаған Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б. Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбеков бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қылмыс агенттігінің хабарлауынша, судьяның пара алуына пристав делдал болған. Екеуі жас балаға қатысты зорлық-зомбылық жасаған адамның медициналық тексеруден өту шарттарына өзгеріс енгізіп берген. Судья бұл қызметі үшін 2 млн теңге пара алған.
«Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылды, ал делдал Раймбеков 20 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», деп хабарлайды Антикор баспасөз қызметі.