Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында айтты.
«Біз Құрылтайдың Атыраудағы отырысында негізгі идеологиялық тұжырымдарды жинақтап, жүйелеп алдық. Жалпыға ортақ құндылықтарды айқындадық.
Бұл – ең алдымен, Тәуелсіздік және Отаншылдық.
Одан кейін – Бірлік және Ынтымақ.
Келесі – Әділдік пен Жауапкершілік.
Сондай-ақ – Заң және Тәртіп.
Бұдан соң – Еңбекқорлық пен Кәсібилік.
Және – Жасампаздық пен Жаңашылдық.
Бұл – біздің саясат пен экономикадан бастап, білім мен мәдениетке дейінгі барлық саладағы бағыт-бағдарымыз. Мұның бәрі халқымыздың азаматтық бірегейлігін нығайтады», деді Мемлекет басшысы.
Нұртөре ЖҮСІП,
Сенат депутаты