• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Сәуір, 2024

Жеті жасар қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды

437 рет
көрсетілді

Албанияда өткен шахматтан әлем чемпионатында 7 жасар қазақ қызы топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, 26-28 сәуір аралығында Адриатика теңізінің жағасында орналасқан Албанияның Дуррес қаласында кадеттер арасындағы жылдам шахматтан (рапид және блиц) әлем чемпионаты өтті. 40-қа жуық елден келген жас шахматшылар үш жас санатында бақ сынасты.

- Біздің жас шахматшыларымыз ең жоғары деңгейдегі жарқын жеңістермен қуантуды жалғастыруда. Рапид пен блицтен әлем біріншілігінде бір алтынды қоса алғанда, алты медаль жеңіп алды. Бұл - ең алдымен жаттықтырушылар штабы, ата-аналар мен спортшылардың өздері жасаған үлкен жұмыстың нәтижесі. Балалар бүкіл Қазақстанның мақтанышы ғана емес, сонымен қатар шахматпен айналыса бастаған жүздеген және мыңдаған құрдастары үшін үлгі, – деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрлов.

Жарыста Қазақстанның атынан 22 жас спортшы бақ сынады. Алтын медальды рапидте сегіз жасқа дейін бақ сынаған Алиша Бисалиева иеленді.