Биыл Ұлы жеңіске 79 жыл толып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша соғыс ардагері тұратынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 176 соғыс ардагері тұрады. Бір жыл бұрын елімізде 222 майдангер болған.
Соның ішінде:
Астанада – 7 адам;Алматы қаласында – 44 адам;Шымкентте – 2 адам;Ақмола облысында – 6 адам;Алматы облысында – 14 адам;Абай ауданында – 4 адам;Ақтөбе облысында – 1 адам;Шығыс Қазақстан облысында – 14 адам;Жамбыл облысында – 10 адам;Жетісу облысында – 4 адам;Батыс Қазақстан облысында – 13 адам;Қарағанды облысында – 11 адам;Қостанай облысында – 16 адам;Қызылорда облысында – 4 адам;Маңғыстау облысында – 2 адам;Павлодар облысында – 7 адам;Солтүстік Қазақстан облысында – 4 адам;Түркістан облысында – 11 адам тұрады.
Айта кетейік, биыл елімізде Жеңіс күніне арналған әскери шеру өткізу жоспарланып отырған жоқ.
2023 жылы Қазақстан соғыс ардагерлеріне төленетін төлемдердің көлемі бойынша ТМД-ның барлық елін басып озды. Елімізде Жеңіс күніне орай әр ардагерге 1,5 миллион теңге көлемінде жәрдемақы берілді. Ресейде 10-нан 50 мың рубльге дейін (шамамен 50-250 мың теңге) төленді.