• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 30 Сәуір, 2024

Алматыда Қала құрылысын бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

157 рет
көрсетілді

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Данияр Кірікбаев Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Данияр Кірікбаев 1986 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің түлегі. 

Еңбек жолын 2007 жылы банк саласында бастаған. 2007-2009 жылдары «Жолаушылар тасымалы» АҚ, кейін «Kazsatnet» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді. Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратында қызмет етті.

Данияр Кірікбаев осы қызметке тағайындалғанға дейін қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарған.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті