Батыс Қазақстан облысында бір үйір жылқы суға батып кете жаздады, деп жазады Egemen.kz.
Жайық өзенінде Ақжайық ауданының жылқылары тасқын су құрсауында қалып қойды.
Жайылым кезінде жылқышылар жылқылардан көз жазып қалған. Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірге жануарларды суға батып кетуден құтқарып, 365 жылқыны, оның ішінде 31 құлынды қауіпсіз жерге айдап шығарды.
Құлындар үшін судың тереңдігі қауіпті болғандықтан олар қайықпен тасымалданды. Алғашында жануарлар келген құтқарушылардан үркіп қашқанымен, кейін қайыққа апаратын жолмен жүре бастаған, осылайша бір үйір жылқы аман-есен құрлыққа шығарылды.