Шымкент қаласындағы вагондарды жуатын стансадан әрқайсысында 25 литрлік жанармай толтырылған 15 дана канистр табылған.
Тексеру барысында оның ұрланған жанармай екендігі белгілі болды. Шымкент қаласының ішкі істер желілік басқармасы қызметкерлерінің жедел іздестіру шарасы барысында ұрлық жасаған 33 және 44 жастағы азаматтар анықталып, ұсталды. Олардан заттай айғақ ретінде тағы да 375 литр жанармай табылды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.