Римде (Италия) WTA 1000 санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева бірінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Юлия Путинцева (№41 WTA) алғашқы матчта корт иесі Мартина Тревизанды (№87 WTA) 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Қазақстан теннисшісі жеке кездесудегі есеп бойынша алға шықты – 2:1.
Матч 1 сағат 42 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Путинцева төрт эйс пен бір рет қос қателік жасап, сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.