• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2015

Қостанайда бұрынғы Қаржы полициясының қызметкерлері жұмыссыз қалды

250 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 10 қаңтар. Қостанай облысында бұрынғы Қаржы полициясы қызметкерлерінің үштен бірі қазір жұмыссыз қалды. Бұл жөнінде egemen.kz тілшісі хабарлады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының орынбасары Асқар Шомановтың айтуынша, бұрын Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде 162 қызметкер, ал Мемлекеттік қызмет агенттігінің облыс бойынша басқармасында 15 адам жұмыс істепті. Қазір департаментте 82 адам қызмет атқарады. Бұрынғы қаржы полицейлерінің біразы Қаржы министрлігінің бөлімшелеріне қызметке тұрды, бірақ облыстағы бұрынғы Қаржы полициясы қызметкерлерінің 30 пайызы жұмыссыз қалды. Айта кетейік, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті бұрынғы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікті біріктіріп, қайта құру нәтижесінде жаңадан құрылған болатын. Асқар Шоманов мәлім еткендей, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде әлі штат жасақталып жатыр, қызметкерлердің саны 125-ке жетуі тиіс. Қазір бос орындарға конкурс жарияланды. Оған бұрынғы қаржы полицейлері қатысуына болады. Бірақ олар қайтадан мемлекеттік қызметке қабылданатын рәсімдерден өтуі қажет, сонымен қатар денешынықтыру нормаларын тапсыруы керек. Тағы бір айта кетер жайт, аталмыш департаментте қоғамда жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауатын көтеруге бағытталған жаңа екі бөлімнің ашылуына байланысты лауазымдық қызмет орны 15-тен 25-ге дейін көбейді. Оларды конкурс арқылы емес, тағайындайды. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.