АСТАНА. 12 қаңтар. Атырау облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов Атырау қалалық сотының жаңа төрағасы Ерманов Алмат Нұрмұратұлын облыс, қала әкімдігі, құқық қорғау органдары басшылары мен судьялар корпусына таныстырды. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
А.Ерманов Атырау қалалық сотының төрағалығына Президенттің «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын жергілікті және басқа да соттарға қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» 24 желтоқсан 2014 жылғы №983 Жарлығымен тағайындалды. Ол бұған дейін Қызылорда облыстық сотының судьясы болған.
А.Н.Ерманов 1972 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауылында туған. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Еңбек жолын Мемлекеттік тергеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша тергеушісі болып бастады. 1998-2002 жылдары ҰҚК-нің Байқоңыр қаласындағы жеделөкілі, 2000-2002 жылдары Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы, 2002-2008 жылдары Қармақшы аудандық сотының судьясы, 2008 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қызылорда облыстық сотының судьясы болып қызмет еткен.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.