• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Мамыр, 2024

Тасқынмен күрес: Вице-премьер Атырау облысындағы ахуалды бақылады

159 рет
көрсетілді

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау облысы Индер ауданының Индербор, Жасуат, Құрылыс ауылдарында, сондай-ақ Махамбет ауданына қарасты Махамбет, Сарайшық, Талдыкөл ауылдарында жағалауды нығайту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде су тасқыны қаупі сақталып тұр. Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидробекетінде су деңгейі қауіпті межеден асты. Жайық өзенінде судың одан әрі көтерілуі күтіліп отыр. Барлық қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Апатпен күреске жергілікті тұрғындар, еріктілер және әртүрлі кәсіпорындар қызметкерлері белсенді түрде атсалысып жатыр.

Индер ауданында жер бөгеттерінің жалпы ұзындығы 30 шақырымды құрайды, олар Жасуат, Индербор, Құрылыс, Көктоғай, Өрлік, Есбол, Елтай елді мекендерінде салынған. Аталған жұмыстарға 40-тан астам арнайы техника, 300-ге жуық әскери қызметші және 100-ге жуық ТЖ қызметкері, оның ішінде Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.

Махамбет ауданында Жайық өзені бойында 17 елді мекен орналасқан. Оларды қорғау үшін 80 км жағалауды нығайтатын бөгеттер салынды. Ауданда бөгеттердің жалпы ұзындығы 105,8 км құрайды. Тасқынға қарсы шараларға 130 арнайы техника, 650 әскери қызметші, 200-ден астам ТЖ қызметкері, 300-ге жуық еріктілер, жергілікті тұрғындар тартылды.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Махамбет ауданы әкіміне ежелгі Сарайшық қалашығы маңындағы бөгетті тағы да қосымша көтеруді тапсырды.

«Ол үшін мұнда Қорғаныс министрлігінің жеке құрамының жүздеген қызметкері мен ондаған техника тартылады. Біздің тарихи мұрамызды қорғауға және сақтауға жауапкершілікпен қарау қажет», деп тапсырды Қанат Бозымбаев.